Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 19 мың дозасы жеткізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 19 мың 350 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ақтөбеден аймақтық фармацевтикалық қоймаға жеткізілген дозаның бәрі сертификатталған.

«Ресейлік «Спутник V» вакцинасының 19 350 дозасы 41 егу пунктіне таратылады. Өйткені, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналаудың күнделікті жоспарына өзгерістер енгізілді. Қазір күніне вакцина алатын адамдардың саны 1050-ден 3500-ге дейін артты», - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 28 мыңнан астам дозасы жеткізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар