Атырау облысына Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, бүгін, Атырау облысының фармацевтика қоймасына Vero Cell вакцинасының алғашқы 10 мың дозасы жеткізілді. Вакцинаның 5 мың дозасы I компонент, 5 мың дозасы II компонент.

«Қазір Қытай вакцинасын аймақтағы егпе бекеттеріне бөлу жүріп жатыр. Vero Cell вакцинасын 17 тамыздан бастап облыстың 15 егпе бекетінде салдыруға болады. Вакцинаның екі компоненті арасындағы интерваль 21-28 күн» - деп хабарлады басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, қытайлық Vero Cell вакцинасын Атыраудағы №1,2,3,4,5,7-қалалық және Геолог емханасында, сондай-ақ, 7 аудандық орталық ауруханада алуға болады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 28 мың дозасы жеткізілген.



Соңғы жаңалықтар