Атырау облысында 1 658 науқас коронавирустан емделіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 1 658 адам емделіп жатыр. Науқастардың 790-ы инфециялық стационарларда, ал, 868 пациент үйінде оқшауланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 290 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

Оның ішінде Атырау қаласында 212 науқас тіркелген.

Сондай-ақ, Жылыой ауданында 26, Құрманғазыда – 20, Мақатта – 6, Қызылқоғада – 6, Исатайда – 4, Индерде – 3, Махамбет ауданында 2 науқас анықталып отыр.

Ал, Теңіз кенішінде 11 жұмысшы коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Қазір қауіпті вирустан үй жағдайында емделу үшін 868 адам оқшауланды. Бұған қоса, модульдік ауруханада – 194, №2 облыстық ауруханада – 150, аудандардағы стационарларда – 183, кардиологиялық орталықта – 100, фтизиопульманологиялық орталықта – 99, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 64 адам емделіп жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 109 науқас сауығып шыққан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда үш күнде 570 адам коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар