Атырау облысында 10 адам судан ажал құшты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында шомылу маусымы басталғалы 10-ыншы адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысында 10 адам судан ажал құшты

Бүгін таңертең өзенге батып кеткен ер адамның денесі табылды.

«1976 жылы туған ер азаматтың денесі бүгін таңертең сағат 08.05-те Атырау қаласындағы Көктем ықшамауданындағы Жайық өзенінен табылды. Іздеу жұмыстарына Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері мен арнайы қайықтар жұмылдырылды. 1976 жылғы ер азамат суға түсуге тыйым салынған жерде батып кеткен. Арнайы жасақ құтқарушылары мәйітті судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы Атырау облысында осымен 10-ыншы адам суға кетті. Талдыкөл кентіндегі 8 жасар баланың денесі әлі табылмады. Іздеу жұмыстары жалғасуда.