Атырау облысында 11,8 млрд. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өтіп жатқан «Global Oil&Gas Atyrau 2017» көрмесіне 20 елден келген 103 компания қатысуда. Олар Еуразиялық экономикалық одақ, Финляндия, Италия, Германия, Нидерланды, Швейцария, Дания, Түркия, Польша, Хорватия, Қытай, Украина, Әзербайжан, Израиль және Оман кәсіпорындары, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырау облысында 11,8 млрд. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылады

 «ATYRAU INVEST - 2017» Атырау облысы мен түрлі мемлекеттерден келген инвесторлар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың тиімді құралы. Біздің өңір бірнеше жылдан бері инвестиция тарту бойынша аймақтар арасында көш бастап келеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеден асты немесе мемлекетке тартылған жалпы инвестицияның 25% құрады. Индустрияландыру бағдарламасы аясында Атырау облысында 2016 жылы жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын 7 жоба жүзеге асырылды. 2017 жылы 11,8 млрд. теңге сомасына 4 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Одан бөлек, 14 трлн теңгеден астам сомаға 20 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жобалар бойынша 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды», - деп мәлімдеді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев көрме ашылуында.