Атырау облысында 130 мың адам вакцина салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 130 мың адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 130 мың адам вакцина салдырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 20 шілдеде «Спутник V», «QazVac» вакциналарының I компонентін 634 адам алған.

«Биылғы 1 ақпаннан 20 шілдеге дейін қауіптівирусқа қарсы вакциналардың І компонентін салдырған адамдардың саны 130 401 адамға жетті. Вакциналардың II компонентін 74 988 адам ектірді» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 121 мыңнан астам вакцина алғанын хабарлаған едік.