Атырау облысында 14 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 14 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, бірінші сыныпқа баратын 14 241 баланың құжаты қабылданған.

«Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау жаңа форматта – электронды үкіметтің сайты арқылы ұйымдастырылды. Құжаттардың 98%-ы электронды, ал, 2%-ы қағаз түрінде қабылданды. Өйткені, ата-аналардың немесе балалардың құжаттарында қателіктер анықталды. Облыста 14 241 бала 1-сыныпқа қабылданды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын оқушылар үшін 1 қыркүйекте ашық ауада санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес салтанатты жиын болады. Баланың қасында ата-анасының тек біреуі ғана жүре алады. Отбасының басқа мүшелері қатыса алмайды» -дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда балаларды спортқа тарту үшін 315 секция ашылатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар