17:31, 08 Шілде 2017 | GMT +5
Атырау облысында 17 мың гектар шабындық өртеніп кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында соңғы үш күнде 17 мың гектар шабындық өртке оранды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қызылқоға ауданында 5 учаскеде шамамен 10 гектар шабындық жанып кетті. Дала өртін ауыздықтауға 70 адам, 10 бірлік техника тартылды. Индер ауданында 7 мың гектар шабындық, жайылым өртенді. Қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздықталды», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД.
Бұл ретте өрттің туындау қаупі сақталатыны атап өтіледі.