Атырау облысында 18 ауылдық округтің әкімі сайланады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 18 ауылдық округтің әкімі сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметінше, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы Атырау қаласы мен 6 ауданда өтеді.

«Биыл 18 ауылдық округтің әкімі сайланады. Бұл окургтерде 44 мың 500 сайлаушы бар.

Қазір бұл округтерде 236 сайлау комиссиясы құрылды. Осы кезге дейін өзін өзі ұсынған 31 кандидат құжат тапсырды», -дейді Азамат Айманакумов.

Ауылдық округтер әкімінің лауазымынан түрлі мамандық иелері үмітті болып отыр.

Олардың арасында ауыл шаруашылығы, мәдениет салаларының мамандары, экономистер, заңгерлер мен педагогтер бар.


Соңғы жаңалықтар