Атырау облысында 2 жасар қыз терезеден құлап кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі жасар қыз терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 2 жасар қыз терезеден құлап кетті

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ақкөл ауылында 18 маусым күні түнге жуық болған.

«Ақкөл ауылының Иманов көшесінде орналасқан 2 қабатты үйдің терезесінен 2 жасар қыз құлап кетті. Балақай жабық бас-сүйек жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды» -деді ведомстводан.

Атырау облысында жыл басынан бері осындай 4 оқиға тіркелген.

Бұдан бұрын Атырауда екі жасар бала 5-қабаттан құлап кеткенін жазған едік.