Атырау облысында 230 адам бас және мойын қатерлі ісік ауруына шалдыққан

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 230 адам бас және мойын қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Бұл туралы облыстық онкологиялық диспансер директорының орынбасары Руслан Бривков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуына қарағанда, бас және мойын қатерлі ісік ауруы визуалды байқалатын ісіктер қатарына жатады. Алайда, науқастардың 60%-ы аурудың асқынған кезеңінде дәрігердің көмегіне жүгінеді.

«Жұтынғанда ауырсыну, тілдің ауыруы, дауыстың өзгеруі, мұрын мен тамақтың тас тұрғандай бітелуі сияқты қарапайым белгілер қатерлі аурудан хабар беруі мүмкін. Сол себептен, осындай белгілер байқалса, дәрігерге көрініп, уақытында арнайы зерттеулерден өткен дұрыс. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау үшін мойынға УДЗ, МСКТ, МРТ зерттеулері жүргізіледі. Қатерлі дертке күдік болса, биопсия алынады», -дейді Руслан Бривков.

Оның айтуынша, бас және мойын қатерлі ісігінің алдын алу үшін дәрігер қабылдауына жазылып, тағайындалған зерттеулерден өту қажет.

«Қазір облыстық онкологиялық диспансердің есебінде 4 509 науқас тұр. Оның ішінде 230 адам бас және мойын қатерлі ісігіне шалдыққан. Еріндегі қатерлі өзгерістері бар – 31, тіл, ауыз қуысы және жұтқыншақ ауруы – 54, сілекей безі – 1, аңқа, жұтқыншақ (жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жері) – 1, ауызаралық жұтқыншақ – 3, қалқанша безі 5 науқастан анықталып отыр. Оның ішінде 19 науқас емделуге жатады. Ал, 6 науқас ем алу курсын аяқтады. Өкінішке қарай, 7 адам емделуден бас тартты. Қазір 6 адам ем алуды жалғастырып жатыр», -дейді Руслан Бривков.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда онкологиялық диспансердің есебінде 4 500 адам тұрғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар