Атырау облысында 27 шетелдік рұқсатсыз жұмыс істеген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Жылыой ауданында 27 шетелдік рұқсатсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 27 шетелдік рұқсатсыз жұмыс істеген

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, республикалық «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Республикалық іс-шараның алғашқы күнінде Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Құлсары қаласындағы құрылыс нысанындарында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде жергілікті атқарушы органның рұқсатын алмай, заңсыз еңбекке тартылған Өзбекстан Республикасының 27 азаматы анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 517-бабының 5-бөлімімен әкімшілік іс қозғалып отыр. Қазір іс құжаттары жинақталып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысында 24 шетелдік елден мәжбүрлі түрде шығарылған хабарлаған болатынбыз.