Атырау облысында 278 медициналық кадр жетіспейді - әкім
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда медициналық кадр жетіспеушілігі бар. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, облыста тәжірбиелі дәрігер, анестезиолог - реаниматолог, акушер - гинеколог, инфекционист және эпидимиолог сынды 278 маман жетіспейді.
Онлайн брифингте аймақ басшысы мәселенің шешімін айтты.
«Қазіргі уақытта аталған мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Нақтырақ айтқанда, Ресейден Атырау өңіріне мамандар тарту жағын қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, биыл оқу бітіретін жас мамандарды өңірге тарту үшін жұмыстар атқарылуда», - дейді Махамбет Досмұхамбетов.