Атырау облысында 3 жасар қыз бен 6 жасар бала суға батып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 3 жасар қыз бен 6 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 5 қыркүйекте Құрманғазы ауданында болған.

Күндізгі сағат 13:28-де Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөліміне Шарон өзеніне 3 жасар қыз бен 6 жасар бала батып кеткені туралы хабар түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде балалардың үлкендердің қарауынсыз су айдынына келгенін анықтады.

«Жергілікті тұрғындар сағат 13:40-та 3 жасар қыздың денесін судан шығарды. Ал, сағат 16:07-де суға батып кеткен баланы іздестіруге жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен бірге 25 полицей мен жергілікті 70 тұрғын жұмылдырылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сол күні сағат 19:23-те 6 жасар баланың денесі табылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа шомылған ер адам суға батып кеткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар