Атырау облысында 35 мың бизнес нысанды қыз-келіншектер басқарып отыр

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 35 мың кәсіпкерлік нысанын қыз-келіншектер басқарады. Бұл - жалпы кәсіпкерлік субъектілерінің 25,2 пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәттіғұл Сабыровтың дерегіне сүйенсек, биылғы 1 ақпанда 70 717 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

«Атырау облысында жыл сайын кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып келеді. Былтыр шағын және орта бизнес иелері үлесі өңірдегі жалпы ішкі өнімнің 22,7%-ын құрады. Ал, биылғы 1 ақпанда кәсіпкерлікпен айналысушылардың қатары 70 717-ге жетіп отыр. Оның ішінде 35 мың нысанды қыз-келіншектер басқарады. Кәсіпкерлікке бет бұрған әйелдер тарапынан мемлекеттік бағдарламалар қатысу бедсенділігі байқалып отыр», -деп хабарлады Сәттіғұл Сабыров.

Оның мәліметінше, былтыр 600 әйел кәсіпкердің жобасы қаржыландырылған.

Сондай-ақ, өз кәсібін ашуға ниет білдірген 37 кәсіпкерге 106 млн теңгеге қайтарымсыз грант ұсынылған.

Оның 24-і – әйелдер. Олар жаңадан 30 жұмыс орнын ашқан.

«Әйелдер басқаратын кәсіпкерлік субъектілері негізінен білім беру, денсаулық сақтау, жеңіл өнеркәсіп салаларына бағытталған. Олар осы және басқа да салаларды дамыту үшін мемлекеттің тарапынан қолдау көріп отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 3 млрд теңгелік жаңа жылыжайдың бірінші кезеңі ашылғанын хабарлаған болатынбыз.

Жаңа жылыжай Махамбет ауданындағы Ақжайық ауылдық округінде орналасқан. Оның аумағы – 4 гектар. Жылына 1600 тонна өнім жиналады.

Жылыжайда кешенінде 60-тан астам адам жұмыс істейді. Оның ішінде 40-тан астам жергілікті тұрғын бар.


Соңғы жаңалықтар