Атырау облысында 400-ден астам фермер қыстауларына күн батареясын орнатты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 400-ден астам фермер қыстауларына күн батареясын орнатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырау облысында 400-ден астам фермер қыстауларына күн батареясын орнатты

«Биыл бірінші кезекте мал шаруашылығымен айналысатын және қыстауларында мал ұстайтын атыраулық фермерлердің көпшілігі күн батареяларын орнатты. Барлығы 430-дан астам фермер күн батареяларын қондырған. Олардың 382-сі өтініш тіркеп, күн батареясын орнату шығындарының 80%-ын жабатын мемлекеттік субсидиялар алған. Оған республикалық бюджеттен 958 миллион теңге қаржы бөлінген», - деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында.

Субсидия алмаған фермерлер оны Жаңа жылға дейін алатынын атап өтті.