Атырау облысында 467 млн теңге жымқырған мекеме басшыларының ісі сотқа жолданды
«Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері әлеуметтік нысандардың, мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқыру дерегімен «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтап, іс сотқа жолданды», делінген хабарламада.
Жымқырылған қаржы көлемі 467 млн теңге.
ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Серіктекстіктің 79 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды.
Ал, Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және де тағы да бір тапсырысшыға қатысты «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.