Атырау облысында 5 адам екі елдің азаматтығымен жүрген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 5 адам екі елдің азаматтығымен жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қос елдің азаматтығы бар 5 адамды анықтаған.

«Аталған адамдарда Қазақстан Республикасының азаматтығы болған. Оған қоса Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны анықталды. Осыған байланысты оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 496-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оларға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», -деп мәлім етті Нұрхат Оразбаев.

Оның мәліметінше, былтыр 33 адамның қос азаматтықпен жүргені белгілі болған. Сот шешімімен 9 адам еліміздің аумағынан тысқары шығарылған. Ал, 24 адамға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда үш көліктен 100 келіден астам бекіре тұқымдас балық табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар