Атырау облысында 5 канал пайдалануға беріледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысында бес суару-суландыру жүйесінің құрылысы жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 5 канал пайдалануға беріледі

«Қазсушар» РМК Атырау филиалының директоры Асланбек Рысжановтың айтуынша, аталған кәсіпорынға қарасты 14 суару-суландыру жүйесі коммуналдық меншікке өткен.

Махамбет ауданындағы Алға-Егіз, Сары-Өзек, Құрсай, 7 Ауыл-Айсары, Индер ауданындағы Алғабас-Жорық каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазір аталған нысандардағы құрылыс жұмысы аяқталуға жақын. Каналдар жыл аяғына

дейін пайдалануға беріледі. Жасақталған жобаға сәйкес каналдардың бітелген арналары

аршылды. Канал жолдары топырақпен көтеріліп, бекітілді. Ескі жүзбелі насос стансалар, трансформаторлар жаңасына ауыстырылды. Сондай-ақ, канал бойындағы су реттегіш гидротехникалық құрылыстар күрделі жөндеуден өткізілді. Кейбіреуі жаңадан салынды.

Күрделі жөндеуден өткізілген каналдарда су беру бұрынғы жылдармен салыстырғанда біраз жақсарды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сұранысына сәйкес, су үздіксіз берілуде. Ал нысандардың құрылысын толықтай бітіру 2021 жылдың аяғына жоспарланып отыр», - дейді «Қазсушар» РМК Атырау филиалының директоры Асланбек Рысжанов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы каналда балық қырылғаны туралы хабарланған болатын .