Атырау облысында 51 мың адам вакцина салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 51 511 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 51 мың адам вакцина салдырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 25 мамырда «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарының І компонентін жергілікті 908 тұрғын салдырған.

«Өңірде 1 ақпан-25 мамыр аралығында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін салдырғандардың саны 51 511 адамға жетті. Ал, вакциналардың ІІ компонентін 20 712 адам алды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 27 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.