Атырау облысында 6 798 адам жұмыссыз ретінде тіркелген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 6 798 адам жұмыссыз ретінде тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдаоламалар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 25 720 жұмыс орындары ашылған.

Оның ішінде 14 468 тұрақты жұмыс орны бар. Ал, уақытша жұмыс орны – 11 252.

«Былтыр «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарымен 33 098 адам қамтылып, бөлінген қаражаттар толығымен игерілді. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 1 513 адам қысқа мерзімді курстарға оқуға жіберілді. Кәсіпке баулитын оқыту курсын 1 393 адам бітірді. Ал, 856 адам жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек 128 адам мемлекеттік грант алып, өз кәсібін ашты. Екінші бағыт шеңберінде «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 1 128 адам жіберіліп, оның 1 071-і оқуын аяқтады. Сондай-ақ, 265 адамға 1 416,4 млн теңге көлемінде несие берілді. Жаңа бизнес-идеясын іске асыруға 670 адам мемлекеттік грант алды. Үшінші бағытпен 26 599 адам қамтылып, тұрақты жұмыс орындарына 18 679 адам, 7 920 адам уақытша жұмысқа орналастырылды»,-деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Биылғы 1 қаңтарда 6 798 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайыз.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 23 мыңға жуық жұмыс орны ашылатынын жазған болатынбыз.