Атырау облысында 6 айда 1 жасқа дейінгі 64 нәресте өлімі тіркелген

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 6 айда 1 жасқа дейінгі 64 нәресте өлімі тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтың айтуынша, биылғы 6 айда бала өлімінің көрсеткіші 5 есе төмендеген.

«Биылғы жылдың 6 айында 1 жасқа дейінгі нәресте өлімінің 64 жағдайы тіркелді. Нәресте өлімі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бес есеге төмендеді. Сәби өлімінің бірнеше себебі бар. Мәселен, оның 70 пайызы перинаталдық кезеңде туындайды. Туа біткен ақауларлар болатын жайт 8 пайызды құрайды. Нәрестелердің 6 пайызы тыныс алу органдарының ауруынан, 6 пайызы жазатайым оқиғалар мен уланудан, инфекциялық аурулардан көз жұмады. Ал, басқа себептен – 3 пайыз», -деп хабарлады Қайсар Абдалиев.

Оның айтуынша, былтырғы 6 айда 8 080 нәресте өмірге келген. Ал, биылғы осындай кезеңде дүние есігін ашқан сәбилер саны – 7 973.

Сондай-ақ, жыл басынан бері ана өлімінің 2 дерегі тіркелген.

Еске сала кетелік, былтыр Атырауда бір күнде екі жүкті әйел ауруханада қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуованың айтуынша, көз жұмған жүкті әйелдің бірі – 33, ал, екіншісі 34 жаста болған. Мақат ауданында тұратын екеуінің артында балалары қалған.


Соңғы жаңалықтар