Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 82 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ер адамның мәйіті Махамбет ауданындағы Таңдай ауылынан табылған.

Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес бұдан өзге ақпарат жарияланбайды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.