Атырау облысында аламан бәйгеге автомобиль тігілді

Бәйгенің жеңімпазы сыйлық ретінде автомобиль алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Бұл жарыстарды Жеңіс күні өткізіп жатқанымыз кездейсоқтық емес. Бұл - біздің болашақ Отан қорғаушыларымызға ерлік пен батылдықты насихаттайтын ұлттық спорт түрі болып табылады», - деді аудан әкімі Әлимұхамед Құттымұратұлы. Аламан бәйге жарысы 24 шақырым аралықта өткізіледі, жеңімпаз - «Уаз-Патриот» автомобиліне ие болса, 2 және 3 орын иегерлері - 700 және 400 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы алады.
Көкпар ойынының жеңімпазына бірінші орын алғаны үшін 400 мың теңге, ал 2 және 3 орын иегерлеріне сәйкесінше 300 және 100 мың теңге табысталады. Іс-шараны Махамбет ауданының әкімдігі ұйымдастырып, сыйақылар демеушілік қаржылар есебінен беріледі.
Жарыс 9 мамыр күні сағат 11:00-де Ақтоғай ауылына жақын жерде Атырау-Орал тасжолының 77 шақырымында өтеді. Аламан бәйгені тамашалағысы келетін қала тұрғындарына көлік беріледі. Ол 9 мамыр күні сағат 10:00-де «Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесінен жолға шығады. Қалаға келу уақыты - 14.00. Қатысушыларды тіркеу 4-7 мамыр аралығында, толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (71236) 2-13-75, 8 (71236) 2-11-99 және 8 (71236) 2-45-94.