Атырау облысында алты бала Жайық өзеніне ағып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында наурыз айынан бері Жайық өзеніне алтыншы бала ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысында алты бала Жайық өзеніне ағып кетті

20 шілде күні Махамбет ауданының Береке кентінде Жайық өзенінен  8 жасар баланың денесі шығарылды. Ол суға шомылу кезінде батып кеткен.

«Оқиға орнында жеке құрамның 16 адамы жұмыс істеді, 4 қайық жұмылдырылды. Баланың денесі 20 шілде күні табылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі судан құтқару бөлімінің бастығы Самат Құмашев.

Бұл көктемнен бері Жайық өзеніне ағып кеткен алтыншы бала.