Атырау облысында аңшылыққа шыққан жасөспірім абайсызда кісі өлтірді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жасөспірім аң аулау кезінде 18 жастағы жігітті абайсызда атып қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
None
None

«Оқыс оқиға облысқа қарасты Жылыой ауданындағы қыстаулардың бірінде болған. 14 жастағы жасөспірім атасының үйіне қонаққа келген. Түнде ол қыстауда қойшының көмекшісі болып жұмыс істейтін 18 жастағы жігітпен аң аулауға барған. Қайғылы жағдай сол жерде болды: бала абайсызда мылтықтың шүріппесін басып, оқ жігіттің басына тиген. Жігіт сол жерде қаза тапқан», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлімі «Абайсызда адам өлтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар