Атырау облысында апатты жағдайда тұрған 4 мектеп бар

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында апатты жағдайдағы 4 мектеп ғимаратында 1 514 оқушы білім алуда. Бұл туралы ҚазАқпарат Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысында  апатты жағдайда тұрған 4 мектеп бар

Аталған комитет Атырау облысына бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізген.

Аудит барысында 2018 – 2021 жылдары 17 мектепті салу кезінде 11 мектепте үш ауысыммен оқыту жойылмағаны анықталды. Апатты жағдайдағы 4 мектеп ғимаратында 1 514 оқушы білім алуда.

Осыған байланысты, Атырау облысының әкімдігіне апатты және ескі үйлерді, апатты, үш ауысымды мектептерді жою бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеуге тапсырма берілді.