Атырау облысында әрбір үшінші адам ПТР тестілеуден өткен

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ПТР тестіден 233​ 319 адам өткен. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Асылбек Шаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Облыс көлемінде COVID-19 инфекциясын анықтау үшін 233 319 ПТР-тест жасалды. Соның нәтижесінде 11 023 жағдай расталып отыр. ​Атырау облысы – тест өткізуден еліміздегі алдыңғы орындағы өңірлердің бірі. Сондықтан статистикаға сүйенер болсақ, облыстың әрбір үшінші тұрғыны тест тапсырған деуге болады. Бірақ, жұмыс барысымен біздің өңірде жүрген өзге өңір азаматтары да бар. Алайда олар біздің облыстың статистикасына енді»,​ - дейді Атырау облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы-бас мемлекеттік санитар дәрігер Асылбек Шаров.

Оның айтуынша, Атырау облысында ПТР әдісі арқылы зерттеу жүргізетін 2 мемлекеттік, 4 жекеменшік зертхана, сондай-ақ, Теңіз кенішінде екі зертхананың филиалдары жұмыс істейді.

Қазір аймақтағы ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу жасайтын зертханалар қорында 161 682 тест сынамасы бар. Тағы 126 700 тест сынамасын алу жоспарланып отыр


Соңғы жаңалықтар