Атырау облысында арнайы археологиялық жасақтар құрылып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында, Атырау облысында «Жасыл Ел», «Құрылыс»  және арнайы археологиялық жасақтар жұмыс істейтін болады. 

Атырау облысында арнайы археологиялық жасақтар құрылып жатыр

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан  Бисембиев мәлім етті.

Айта кетер жайт, археологиялық жасақтар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлесе жұмыс істейді.

«Студенттер жаз мезгілінде «Сарайшық қазба алаңдары», «Қарабау қорғандары», «Тас кешу - Керуен сарай» қазба нысандарында археологиялық жұмыстарды жүргізетін болады. Жалпы, жастар жасақтарына биылғы жылы облыс бойынша  2000 адам тартылады. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 97 770 млн теңге, республикалық трансферт есебінен 39 482 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді», - деп атап өтті басқарма басшысы.

null

                                                                                                                                                                                                  Баян Жанұзақова