21:03, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Атырау облысында ашық теңізде үш тәулік бойы қалып қойған балықшы құтқарылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында ашық теңізде үш тәулік бойы қалып қойған балықшы құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Құлсары қаласының 1964 жылғы тұрғыны 6 шілде күні аспалы моторлы қайықпен Каспий теңізіне аттанады. 7-сі күні ол үйіне оралмайды. 8 шілдеде оның туыстары ТЖ департаментіне жоғалғаны туралы өтініш түсіреді. Олар өтінішті кешке түсіргендіктен, тікұшақты әуеге жіберу мүмкін болмады. Жағалауды әуеден бақылау 9 шілде күні таңғы сағат 5.50-де басталды», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖ департаменті.
Кейін жоғалған адамы бар қайық қамыстардың арасынан табылды. Арнайы жабдықтардың көмегімен ол әуе кемесінің бортына көтеріліп, құрғақ жерге жеткізілді. Балықшы ауруханаға жатудан бас тартты.
.