Атырау облысында Астраханьға апаратын күре жолдың құрылысына дайындық басталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Астраханьға апаратын күре жолдың құрылысына дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Қазіргі кезде біз Құрманғазы ауданында вахталық кент салдық, Атырау-Астрахань күре жолы құрылысы кезінде онда 300 адам тұратын болады. Сондай-ақ мұнда асфальт және цемент-бетон зауытының құрылыс жұмыстары басталып кетті, жол техникасы, материалдар жеткізіліп жатыр. Жұмыс көктемде, ауа райы қолайлы болған кезде басталады. Ресей Федерациясының шекарасынан Атырау бағытында алғашқы 60 шақырым жолды саламыз», - деп мәлімдеді Атырау-Астрахань күре жолы құрылыс жобасы бастығының орынбасары Бердібек Өмірбеков.
Келісімшарт бойынша, 60 шақырым жолдың құрылысына 26 ай белгіленген.