Атырау облысында Астрахань-Маңғышлақ су құбырының жұмысы қайта жанданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - "ҚазТрансОйл" АҚ "Астрахань-Маңғышлақ" су құбырының жұмысы қайта жанданғанын мәлімдеді, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы.
None
None

Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) ресми хат арқылы келесі мәлімдеме жасады:

6 тамызда сағат 19:47 минутта (Астана уақыты бойынша) Астрахань-Маңғышлақ су құбырының жұмысы қайта жанданды.

Тұтынушыларға ауыз су қалыпты технологиялық режімде жеткізіліп жатыр. «2015 жылдың 5 тамызында сағат 3.20-да (Астана уақыты бойынша) «Астрахан-Маңғышылақ» магистральдық су құбырының жұмысы оның желілік болігінің 455,5 км.-де судың шығуы салдарынан тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ су құбырының технологиялық қалпын қайта келтіру мен су өткізуді қайта жандандыру үшін шұғыл түрде тиісті шаралар қолданып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде», - деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінен.

Тұрғындар мен өнеркәсіп орындары санының өсуіне байланысты қазіргі уақытта жеткізіліп жатқан су көлемі жеткіліксіз. Жақын арада Қашаған кен орнында мұнай өндіру басталып, «Болашақ» зауыты іске қосылады, Теңіз кен орны кеңейіп, Атырау облысында Қазақстандағы тұңғыш газхимиялық кешені салынуда. Бұл үшін көп көлемде су керек. Сондықтан су құбырын Маңғышылаққа дейін кеңейту көзделген. Жаңа насостық стансалар салынды, қолданыстағы стансалар қалыпқа келтірілуде. Мұнайшылардың айтуынша, бұл «ҚазТрансОйл» АҚ үшін бизнес-жоба емес, бұл әлеуметтік жоба.

«Қиғаш» ЖӨДС тазарту қондырғылары бар «Астрахан-Маңғышылақ» магистральдық су құбырына қызмет көрсетеді. ЖӨДС сумен жабдықтау көзі Қиғаш ағысы - Волга өзенінің шығыс тармағы. Технологиялық сызба суды тасымалдау бойынша келесі тапсырмаларға негізделіп құрылған: су тарту; суды зарарсыздандыру; суды тасымалдау; су тарату желісінің желілік бөлігінің жұмысын қолдау; технологиялық және қосымша жабдықты жөндеу және ретке келтіру.

Соңғы жаңалықтар
Референдум