Атырау облысында ауыл тұрғындарын қандай мәселелер мазалайды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкіміне екі ауылдың тұрғындары қиындықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында ауыл тұрғындарын қандай мәселелер мазалайды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Исатай ауданындағы Жанбай және Нарын елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, кейбірін жее мәселе бойынша қабылдады.

Екі ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселе көп. Тұрғындарды «Атырау-Астрахань» тас жолының құрылысын аяқтау мерзімі созылғаны алаңдатады.

Ауылдарда медицина саласындағы кадр тапшылығы, шаруашылық учаскелерін жазғы суару жүйесінің жоқтығы, электр желісінің тозуы секілді мәселелер шешімін таппай отыр.

Құм көшкіні мазалайды.

Елді мекендерге мәдениет үйі мен балабақша қажет.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – билік пен халықтың арасындағы тікелей байланысты күшейту, тұрғындар үшін мемлекеттік қызметкерлердің ашықтығын қамтамасыз ету.

Кездесуде көтерілген мәселелерге берілген жауаптар уәде күйінде қалмай, мәселені шешудің нақты мерзімін айтуға бағытталуы тиіс.

«Мәселен, Жанбай ауылындағы жол құрылысының мердігері асфальттың үш қабатын салудың орнына, екі қабатын ғана төсеген. Басқа аудандарда да құрылыс жұмыстарын жүргізген бұл компанияға қатысты бірқатар проблема бар. Мердігер жобаны бастап, аяқсыз қалдырып кетіп жүр. Жұмыс істей алмайтын компаниялар халықтың сеніміне қиянат жасамауды ескертемін», -деді Серік Шәпкенов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын ж азған едік.