20:35, 26 Ақпан 2019 | GMT +6
Атырау облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Оралдан келе жатқан жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жол-көлік оқиғасы Атырау облысы Индер ауданында Көктоғай ауылының маңында болған. Апат болған жерде үш адам қаза тапқан. Жарақаттанғандар саны анықталып жатыр. ҚР ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.