Атырау облысында айналма жолға не төгілгені тексеріліп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында айналма жолға не төгілгені тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде жөндеу жүргізіліп жатқан «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы жолдың айналма бөлігіне мұнай төгілгені туралы видео тараған еді. Ол Исатай ауылының маңында түсірілген. Осыған байланысты облыстық экология департаментінің мамандары тексеруді бастады.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде 14 тамызда жарияланған бейнежазба назарға ілікті. Бейнежазбада тұрғын Исатай ауданында салынып жатқан жол құрылысы бойына мұнай қалдықтары төгілгені жөнінде ақпарат берген. Аталған мәселеге қатысты 15 тамызда департаменттің мамандары жылжымалы лабораториямен Исатай ауданына

барды. Мамандар химииялық талдау жүргізу үшін топырақ сынамаларын алды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудан Ресейге шығатын жолды жөндеу қалай жүріп

жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар