Атырау облысында балық өсіруге 2 млрд теңге инвестиция салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Құрманғазы ауданында бекіре тұқымдас және өзге де балық түрлерін өсіруге 2 млрд теңге инвестиция салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы тұрғындар алдында есеп берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев мәлім етті.

Оның айтуынша, «СевКаспий ФИШ» ЖШС 2 млрд теңге ​ инвестиция салу арқылы балық ​ қорын көбейтуді көздеп отыр. Аталған серіктестік бекіре тұқымдас және қара балықтардың 10 милионнан астам шабағын қолдан өсіріп, Қиғаш өзеніне жібермек. Бұған қоса, ​ тоған шаруашылығын дамыту қолға алынады.

«Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде 1000-нан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, балық, егін, мал және құс шаруашылығын ​ дамыту мақсатында​ Қиғаш өзенінде 243,55 километрді құрайтын жанама каналдардың түбі тереңдетіледі. Сондай-ақ, 75 шақырымдық «Кобяково-Забурунье» суландыру жүйесін қайта жаңғырту жоспарланып отыр» дейді аудан әкімі Қайрат Нұртаев.


Соңғы жаңалықтар