09:40, 12 Тамыз 2021 | GMT +5
Атырау облысында барлық мекеме «Ashyq»-пен жұмыс істей бастады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында барлық нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешеваның мәліметінше, барлық мемлекеттік мекеме мен бизнес нысаны «Ashyq» қосымшасына қосылуы тиіс.
«Атыраудағы қоғамдық көліктерде «Аshyq» қосымшасы іске қосылды. Жаңа қаулыға сәйкес, енді барлық мекеме адамдарды «Ashyq» арқылы қабылдауы керек. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің бизнесі зардап шекпеуі үшін дәмханалар мен мейрамханалардың жұмыс кестесі ұзартылды. «Аshyq» жобасына қатысушыларға сағат 22:00-ге, жоба көшбасшыларына қосымша сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі», - деді Әлия Бекешева.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізу тоқтатылатынын жазған едік.