01:24, 15 Тамыз 2021 | GMT +6
Атырау облысында Байшақа учаскесінде балық қырылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Байшақа учаскесіндегі суару-суландыружүйесінде балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 10 тамызда
Атырау қаласынан 40 шақырымдағы өзекте балық қырылған.
«Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» тас жолының оң жақ бетінде 16-разъезд
ауылының тұсында Байшақа учаскесіндегі суару-суландыру жүйесі арнасында
балықтардың қырылу дерегі анықталды. Бұл суару-суландыру жүйесі «АтырауСушар»
РМК балансында. Өлген балықтарды жинау және санитарлық нормаларды сақтай отырып жою ұйымдастырылуда», -деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында тағы да балық қырылғанын
жазған едік.