Атырау облысында «Бекiре-2018» операциясы өтіп жатыр
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Бекiре-2018» операциясы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Биыл балық және балық өнімдерінің браконьерлігі, сатып алу және қайта сатумен күрес акциясына құқық қорғау органдары, прокуратура, Ұлттық гвардия, ҚР ҰҚК Шекара қызметі қатысып жатыр. Браконьерлік фактісі жиі анықталатын орындарға 17 бекет, оның ішінде 11 жылжымалы және 6 стационарлық бекет ұйымдастырылған.
Оның ішінде 9-ы Жайық өзенінде, 5-уі Құрманғазы ауданында және 3 бекет Каспий теңізі жағалауына орналастырылды. 64 мемлекеттік балық қорғау инспекторы мен 15 «Ақжайық» МТР жұмысшысы тартылған», - деп хабарлады Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.
«Бекiре-2018» операциясы 31 мамырға дейін жалғасады.