Атырау облысында бір аптада төрт адам суға батып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір аптада төртінші адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында бір аптада төрт адам суға батып кетті

Соңғы бір аптада Ойыл өзеніне екі, Қиғаш өзеніне бір адам суға кеткен еді. Ал, кеше, 25 сәуірде тағы бір адамның суға батқаны анықталып отыр.

«Төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері кеше сағат 21:45-те Атырау қаласының Водников шағын ауданындағы Теплый каналынан 45 жастағы ер адамның мәйітін тауып, судан шығарды. Суға батқан жігіттің сағат 21:00-де достарымен каналдан балық аулауға келгені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін өзенді кесіп өтпек болған жігіттің мәйіті, кейін жоғалған жігіттің денесі Ойыл өзенінен табылған еді. Сондай-ақ, қайық аударылып, бір адам суға кеткенін жазған болатынбыз.