Атырау облысында бір қабатты ғимараттағы супермаркет пен асхана өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір қабатты ғимараттағы супермаркет пен асхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт бүгін, 30 қыркүйекте Құрманғазы ауданында тұтанған.

«Түнгі сағат 00:35 минут шамасында Орлы ауылында орналасқан бір қабатты супермаркет ғимараты өртенді. Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына жеткенде «Бисенов» жеке кәсіпкерлігіне қарасты жалпы ауданы 1000 шаршы метр болатын бір қабатты ғимараттың төбе жабындысы жанып жатқанын анықтады. Жалынның салдарынан ғимараттағы «Құралай» супермаркеті мен асхана толықтай жанып кетті. Ғимарат 2009 жылы салынған. Қабырғалары кірпіштен қаланған, төбе жабындысы ағаштан, қамыстан жасалған, шатыры темір профлистпен қапталған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге №7 өрт сөндіру бөлімінен 17 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 02:54-те оқшауланып, сағат 04:00-де толықтай жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда екі қабатты мансардты үй өртеніп кеткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар