Атырау облысында бір күнде 1 697 адам вакцина салдырды
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 1 ақпан-29 маусым аралығында 83 558 адам «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін ектірген. Вакциналардың II компонентін салдырғандар
саны 46 313 адамға жетті.
«Өңірде 29 маусымда 1 697 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін алды. Екпе алғандардың арасында 97 педагог, медицина саласының 66, арнайы мекеменің 32, құқық қорғау органдарының 22 өкілі, 24 мемлекеттік қызметші, 23 студент пен 2 полицей бар. Сондай-ақ, созылмалы сырқаты бар 100 адам мен 1 331 тұрғын
вакцина салдырды», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бір күнде 1500-ге жуық адам вакцина
салдырғанын хабарлаған едік.