Атырау облысында бір тәулікте 4 көлік жанып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында бір тәулікте 4 көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Атырау облысында бір тәулікте 4 көлік жанып кетті

Біріншісі 2 ақпан күні сағат 3-13-те Құрманғазы ауданының Кіші ауылында өртенді. Онда LADA Priora көлігі жанды. Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады. Өрт 07-25-те ауыздықталды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Осы күні сағат 09-44 минуттар шамасында Исатай ауданының Жанбай ауылында гараж бен сарай жанды. Онда тұрған Toyota Hiluxe пен УАЗ Хантер көліктері жанып кетті. Өрт сағат 10-33-те ауыздықталып, сағат 11-28-де сөндірілді. Зардап шекендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Осы күні Атару қаласында сағат 12-26-да Volkswagen Transporter көлігі өртенді. Өрт сағат 12-36-да ауыздықталып, сағат 12-38-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себеп-салдары анықталуда, деп хабарлады Атырау облысының Төтенше жағдайлар қызметі.

Төтенше жағдайлар қызметі бір тәулікте болған 4 оқиғаның бір-бірімен байланысы жоқ екендігін мәлімдеді.