Атырау облысында бір тәулікте 77 адам коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір тәулікте 77 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына қарағанда, Атырау қаласынан 35 науқас қауіпті індетке шалдыққан.

Теңіз кенішінде 31 жұмысшыдан, сондай-ақ Жылыой ауданында - 6, Қызылқоға ауданында - 4, Махамбет ауданында 1 адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталған.

«Науқастардың 18-інде инфекция симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 34 адам емделіп шықты. Ал, 277 адам үй жағдайында ем алып жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда - 63, аудандардағы стационарда - 14, Теңіз кенішіндегі стационарда 255 адам ем қабылдауда» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішінще 30 жұмысшы коронавирус жұқтырған болатын.

Соңғы жаңалықтар