Атырау облысында бір түнде болған жол апатынан 2 адам көз жұмды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір түнде болған екі жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысында бір түнде болған жол апатынан 2 адам көз жұмды

«9 қазан күні сағат 02:40 шамасында Chevrolet Niva көлігі «Құлсары – Ақкиізтоғай» тасжолының 17-ші шақырымында аударылып, салдарынан 44 жастағы жүргізушісі мерт болды.

Сағат 06:30 шамасында «Доссор – Бейнеу» тасжолының 104-ші шақырымында Lada Largus автокөлігі аударылып, бір жолаушы қаза тапты. Көлікте жеті адам болған. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деді Жылыой аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мұрат Демегенов.