Атырау облысында бір жылда 47 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір жылда 47 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі Аягөз Жеткіншекқызының айтуынша, Атырауда адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтырушылар саны артқан.

«Бұл инфекцияны былтыр 47 адам жұқтырды. Өткен жылмен салыстырғанда ауру жұқтырғандар саны 19 адамға артып отыр. Инфекцияны жұқтырғандардың арасында еліміздің 42 азаматы бар. Ал 5-еуі – шетелдік. Атырау қаласында 43, ал, 4-еуі аудандарда тұрады. Тіркелген науқастардың 44-і (93,6%) жыныстық қатынас арқылы, 3-еуі (6,4%) есірткі қолдану кезінде жұқтырған», -дейді Аягөз Жеткіншекқызы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жеті айда 23 адам АИТВ инфекциясын жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар