Атырау облысында болған дүлей жел екі мектептің шатырын жұлып әкетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысында 15-20 м/с жылдамдықпен соққан дүлей жел Атырау қаласында және Махамбет ауданында мектептің шатырын жұлып әкетті,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Кеше Атырау облысында соққан күшті жел Махамбет ауданындағы Қалыбеков атындағы орта мектептің шатырына зақым келтірген. Сондай-ақ Атыраудағы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп шеберханасының шатырын түгелдей ұшырып әкеткен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ «БРАЖҚЖ» ММ-нің 4 жеке құрамы және 1 бірлік техникасы, «Атырау жарық» ЖШС апаттық бригадасы тартылған.