Атырау облысында бұршақ жауды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысында бұршақ жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысында бұршақ жауды

Исатай ауданының Атырау-Астрахан автожолының жағасында орналасқан Хамит Ерғалиев ауылында бұршақ жауды. Әлеуметтік желіде таралған видеодан бұршақтың диаметрі бір сантиметрге жететіні көрінеді.

«Табиғат құбылысынан зардап шеккендер немесе материалдық залал туралы ақпарат жоқ», - деп мәлімдеді өңірлік ТЖД өкілдері.