Атырау облысында бұршақ жауып, найзағай ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Атырау облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында бұршақ жауып, найзағай ойнайды

«18 қыркүйекте Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Батыс және оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Осы күні Атырау қаласында да күндіз шаңды дауыл күтіледі. Батыстан соққан желдің қарқыны 15-20 м/с дейін жетеді» делінген хабарламада.

Дауыл тұру ықтималдығы - 80-85%.

Еске сала кетейік, бүгін «Қазгидромет» Маңғыстау облысында қатты жел тұратынын, ал Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүретінін ескерткен болатын.