Атырау облысында дихандар дизель отынын кешіктіріп алуда

«Дизель отынын жіберу жұмыстары кестеге сәйкес наурыз айында басталды. Наурыз айында жоспардың үштен бірі ғана орындалса, сәуір айының жсопар 100 пайызға орындалды. Алайда, мамыр мен маусым айларында жанармайды босату жұмыстары қайтадан едәуір төмендетілді. Мамыр айында жоспарланған 27 мың тоннаның орнына 18,5 мың тонна, ал мамыр айында 24,1 мың тоннаның орнына шаруалар тек 10,4 мың тонна жанармайды алды. Ауылшаруашылық саласына жанар май жіберу мәселесі әрдайым бірінші кезеңде тұрады. Бірақ, бұл жұмыс өнімді ұстаушылардың жіберген сұранымына қарай орындалады, ал олар өз кезегінде фермерлер ақысын төлеген мөлшерге ғана сұранымдар жасатады. Өнімді ұстаушылар дер кезінде сұранымдарды жіберген кезде ғана отынды жіберу жұмысы кестеге сай орындалатын болады», - деп «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.